26-27 наурыз күндері Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуде. Ұйымдастырушылар осы іс-шараларды өткізу кезеңінде қала аумағында дрондарды рұқсатсыз ұшыруға болмайтынын ескертеді.


ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес, дрондарды тиісті рұқсатсыз ұшыруға, басқаруға және пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады. Бұл талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сіздерден қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарап, белгіленген талаптарды сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!