Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай көрнекті айтыскер ақын, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдары - Бекарыс» атты айтыстар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Тағылымды іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман, қоғам қайраткерлері мен белгілі айтыскер ақындар қатысты.


Жиын барысында кітаптың мазмұны, рухани маңызы, ұлттық өнер мен сөз мәдениетін дәріптеудегі орны кеңінен сөз болды. Қатысушылар авторға ізгі тілектерін білдіріп, еңбегіне жоғары баға берді.


 Тұсаукесерден соң «Алаштың Бекарысы – айтыстың Бейбарысы» атты республикалық «Наурыз» ақындар айтысы өтті. Оған елімізге танымал айтыскерлер қатысты.


 Іс-шара Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Мәдениет орталығында» өтті.