Шымкент қаласының дәрігерлері кезекті күрделі операцияны сәтті аяқтады. 70 жастағы науқас бірнеше ай бойы екі аяғының ұйып, үлкен және кіші дәретінің бұзылуына шағымданған.
Қалалық №1 клиникалық ауруханада толық тексеру барысында кеуде омыртқасының 6-7 сақинасының тұсындағы жұлын ішінен үлкен көлемді ісік анықталды. Дәрігерлер жоғары кәсіби шеберлік пен зергерлік дәлдік танытып, аса қауіпті аймақта орналасқан ісікті толық алып тастады. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарған, аяғының ұюы тыйылып, дәреті қалпына келді. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы бірнеше күнде үйіне шығарылады. Бұл – шымкенттік ақ халатты абзал жандардың кәсібилігі мен заманауи медицинаның мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі.