Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аудару бағдарламалары аясында жаңа жоба әзірледі. Құжатта тарихи отанына оралған азаматтарды ресми жұмысқа орналастыру тетігі қарастырылған.
Министрлік мәліметінше, ресми жұмыспен қамтылмау қандастардың әлеуметтік тұрақтылығына әсер етіп, олардың қайта көшуіне себеп болуы мүмкін. Бұл жайт жергілікті бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Ұсынылып отырған өзгерістер осы мәселенің алдын алып, көші-қон саясатының тиімділігін күшейтуді көздейді. Ал бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін талқыға түседі. Ведомство дерегіне сәйкес, осы жылы отанына 3 335 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алған.