Мемлекет басшысы "Қазақстан цфрлық державаға айналуы тиіс" деп нақты тапсырма жүктеген еді. Президент берген бағдар өңір-өңірде жүзеге асып келеді. Оның нақты көрінісі - Digital Kazakhstan форумы. Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық жобаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан, Ресей, Беларусь, Куба, Армения мемлекеттері қатысып отыр. Шараның көздегені цфрлық жобаларды қуаттап, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштау. Ауқымды алаңнан әріптесім Қанат Жолдасбек тікелей байланыс орнатуға дайын.