Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындар Атбұлақ ауылындағы Ақбура кесенесінің айналасын тазалап, сәндік ағаштар отырғызды.

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының мақсаты – су көздерін, бұлақтарды қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру»,- дейді аудан басшысы.


Сәуір айында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ауданның басқа әкімдіктерінде жалғасын табады. Бұған дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 700 ге жуық еріктілер мен жастар және тұрғындар қатысқан.
 
 Экожүйені қорғаудың және болашақ ұрпаққа таза су мен тұмса табиғатты аманат етуді  мақсат еткен бұл жұмыс ел аумағында жүйелі түрде жүзеге асып, қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға нақты ықпал етіп келеді.