Ұлыстың ұлы күніне орай Қазығұртта ұлттық спорт ұлықталды. Аудандағы Шарбұлақ ауылында Жаппай көкпар ұйымдастырылды. Мыңдаған шабандоздың басын біріктірген тартысты доданы тілші әңгімелейді.
Шарбұлақтағы көкпар алаңы көлікке толды. Аудандардан бөлек еліміздің барлық өңірлерінен ат сүйер қауым жиналған. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен де жүйрігін жаратып шабандоздар келіпті. Көк тебіндеген қырда ас беріліп, келген мсеймандарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар ән салып, жүргізушілер жар салып той көкпардың ажары ашылды.
ЖАЗЫЛБЕК ӘБІЛДАБЕКҰЛЫ , БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Қазағымыздың ауызбірлігін Қазағымыздың ынтымағын дәріптейтін ойынның бірі осы. Қазір Республика көлемінен шабандаздор келіп өздерінің өнерін дәріптеп отыр. Әулетке елге тілерімім мұраттары асыл ниеттері қабыл болсын.
Елімізде жаппай көкпардың ережесі белгіленген. Соған сай барлық өңірде көкпардың өз тәртібі бар. Бұл дүбірлі додаға да арнайы төрешілер шақыртылған.
АСҚАРБЕК ЖАҚЫПБЕКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАППАЙ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Барлық тәртіппен ережемен шабылып жатқан жағдайы бар. Қазір тоқта дегенде тоқтайды. Көкпарханадан бұрынғыдай автокөліктерді аралап шабу жоқ. Қазір аут сызығы мәреден айналма сызық бар.
Көкпар алаңына мыңға жуық ат алдырылған. Білекті жүректі жігіттер аламанда бақ сынады. Көптің көңілінен шыққан бұл тойды Шарбұлақтың тумасы, меценат Жабай Төлеев ұйымдастырған. Белгілі кәсіпкер Ұлыстың ұлы күнінде аулының атын шығарып, аудан халқына дүбірлі той жасап отыр.
ЖАБАЙ ТӨЛЕЕВ, КӘСІПКЕР
Көкпарымыз дами берсін мемлекет үлкен мүмкіндіктер беріп жатыр. Соны пайдаланып жастарымызды ұлттық спортқа бұрып жатқан жағдайымыз бар. Көкпар жылдан жылға дамып келе жатыр. Соған атсалысып жатырмыз.
Жаппай көкпардың жүлде қоры да қомақты. Салымға қаржылай сыйлықтан бөлек 7 автокөлік тігілді. Өгізөлді салымға баруы 2 млн қайтуы 2 млн теңге тағайындалған. Айтқандай бір автокөлік пен мың доллорлық алғашқы екі салымды Қазығұрттың палуандары қанжығасына байлады.