Биыл Қазақстандағы ірі технологиялық алаң — Digital Almaty жаңа деңгейге көтеріліп, алғаш рет ұлттық форматтағы Digital Qazaqstan форумы ретінде өтіп жатыр. Форумға 130-дан аса елден 500 спикер мен 300-ден аса инвестор келген. Форумды онлайн және офлайн форматта 85 мың азамат тамашалап отыр. Қазір айти алаңынан әріптесім Қанат Жолдасбек тікелей байланысуға дайын.