Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл шаһардан мыңнан астам жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Әскерге шақыру жұмыстары арнайы комиссиялар арқылы жүзеге асады.


Биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының басталғанына екі аптаға жуықтады. Осы аралықта шекара қызметіне 150 ге жуық сарбаз аттанған. Жалпы 1200-ден астам азамат әскери қызметке жіберіледі деп жоспарланып отыр.


ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛКОВНИК
Бүгінгі таңда біз күзгі көктемгі шақыру науқанын жүргізіп жатырмыз. 17ші наурыздан бастап біз қазір әскер қатарына әскердің бес түріне жіберіп жатырмыз. Бірінші кезекте шекара қызметі, ұлттық қауіпсіздік комитеті берілген тапсырмалар бар.


Шақырту қағаздары енді тек қағаз түрінде емес, SMS хабарлама немесе электронды үкімет порталы арқылы да жолданады. Ал белгіленген уақытта себепсіз келмегендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛКОВНИК
Біздің басқарма басшылары ондай көшеден ұстап кету жоқ. Бірақ бізде барма жаңа айтып кеттік бізге жататын біз каз бүгінгі таңда 4033 адаммын жұмыс істеп жатырмыз. Соның ішінде екі үш біріктірілген басқарма, екі  біріктірілген басқарманың өзінің тізімдері бар сол бойынша келмеген адамдардың бәрін іздестіру жұмыстары департаменттік олицияға беріледі. Департаменттік полиция оларды іздестіріп, олардың үйлеріне барып алып жинақтап алып келу солардың міндеттері.


Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметшілерге бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, оқу орындарына түсуге мүмкіндік беріліп, несие төлемдерін кейінге шегеру қарастырылған.