2 наурыз күні басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуді бүгінге дейін 117 мыңнан астам талапкер тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 67,11%-ы шекті балл жинады. Ал бес пән бойынша орташа нәтиже 63 балды құрады. Ең жоғары көрсеткіш – 139 балл. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.


Тестілеудің үшінші аптасында 179 талапкер ереже бұзған. Оның ішінде 97 талапкер сынаққа тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеген. Тағы 82 адам тест барысында тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Айта кетейік, бұл жылы тестілеу толық аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Ереже бұзушылық анықталған жағдайда сынақ нәтижелері жойылады.