Түркістан облысында 23 наурыз күні Келес өзеніне құлап кеткен жеті жастағы баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару шараларына Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен еріктілер жұмылдырылған. Сүңгуірлер өзеннің су астындағы 900 метр аумағын тексерді.
Сондай-ақ Лесбек батыр елді мекенінен Сырдария өзеніне дейінгі ұзындығы 9 шақырым болатын учаске қаралды. Бұдан бөлек, ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы 55 шақырым аумақ барланған. Іздеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Өзбекстанға тиесілі «Зах» каналының шлюзі жабылды. Ал құзырлы органдар іздестіру шаралары жалғасып жатқанын хабарлады.
ДҮЙСЕН ОРАЗГЕЛДЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қазіргі таңда арнайы штаб құрылды.Жалпы саны 193 адам жұмылдырылды.Департамент тарапынан 4 қайық жұмыс жасауда.Өзенді барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.