Шымкент қаласында биылғы көгалдандыру жұмыстары аясында 1,6 миллион қызғалдақ егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 600 мыңға артық.
Қызғалдақтар арнайы Нидерландыдан жеткізілді. Гүлдерді күтіп-баптау жұмысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Әсем гүлдер қаладағы барлық аудан аумақтарына егіліп, негізгі көшелер мен қоғамдық орындарды қамтыды. Сонымен қатар, саябақтарға 100 мың гүл егілді. Жалпы, қызғалдақтар қаланың эстетикалық келбетін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көктемгі атмосфера сыйлап отыр.