1 сәуірде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады. Осыдан кейін тарифтер қайта қарала бастауы мүмкін, алайда үкімет бұл процестің кезең-кезеңімен және ұстамды түрде жүргізілетінін мәлімдеп отыр.


Тарифтерді көтеруге мораторий 2025 жылғы қазанда баға өсімін тежеу мақсатында дағдарысқа қарсы шара ретінде енгізілген болатын. 1 сәуірде оның мерзімі аяқталады.
Бұдан кейін тарифтер коммуналдық кәсіпорындардың өтінімдеріне, инфрақұрылымның жай-күйіне және өңірлердегі жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу комитеті баға күрт өспейтінін түсіндірді. Тарифтерді жағдайға байланысты біртіндеп және таңдамалы түрде түзету жоспарланған. Сондықтан өзгерістер енгізілетін болса, олар тек нақты есептеулер негізінде, таңдаулы түрде жүзеге асырылады деп уәде етілді. Ал, энергетика министрлігі электр энергиясына қатысты жағдайды жеке нақтылады. 1 сәуірден бастап тарифтер өзгермейді. Ведомство бұл деңгейлер 2025 жылдың желтоқсанында-ақ 2032 жылға дейін бекітілгенін еске салды.