Қала билігі тағы 30 азаматқа пәтер кілтін табыстады. Баспанға тұрғын үй кезігінде тұрған 1-2 топқа жататын ерекше жандар қол жеткізді. Сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен толық емес отбасы мүшелері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да үйлі болды.


Айнұр Нұрбекова бұл сәтті 11 жыл күткен. Тұрғын үй кезегіне 2015 жылы тіркелген ол 3 баланы жалғыз өсіріп келеді. Осыған дейін пәтер жалдап, көшіп-қонудан әбден титықтаған еді. Бүгін арманы орындалып, қала әкімінің қолынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін алды.


САРА ТҰТҚАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Пәтер жалдап тұрдым. Айына 150 мың төлеп. Бұл білесіздер жалғызбасты ана үшін өте қиын. Бірақ құдайға шүкір, осы күнге жеткізген»

Баспаналар жалдамалы негізде, сатып алу құқығымен беріліп отыр. Жауаптылардың айтуынша, 1-2 топқа жататын ерекше жандар, Семей полигонында зардап шеккендер мен Арал өңірінде тұрғандар, құқық қорғау органдарына 20 жылдан аса қызмет істегендер пәтерді өтемақысыз жекешелендіре алады. Ал қалған санаттағы азаматтар баспананы қалдық құнын төлеу арқылы сатып алады. Пәтерлердің ай сайынғы жалдау ақысы бөлме санына қарай шамамен 15-25 мың теңгені құрайды.  

ЖҰЛДЫЗАЙ ОРДАБЕКОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ӨКІЛІ
– «Бүгінде 93 678  мың Шымкенттік тұрғын үй кезегіне тіркелген. Бұған дейін 984 араендалық пәтер берілген болатын.» «Жалпы жоспар бойынша 1600 пәтер беріледі биыл.»

Жауаптылардың сөзінше, биыл қала әкімдігі тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 1600 пәтер беруді жоспарлап отыр. Жыл басынан бері 900-ден аса тұрғынға кілт табыстап үлгерген.