Мегаполисте Наурыз мейрамы жалғасуда. Бұл жолы академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ұжымы ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті. Ұлттық дәстүр дәріптеліп, ұлттық өнер ұлықталған мәдени жиынға арна тілшісі қатысып қайтты.

 Әуелеген ән, аста төк дәм,  домбыраның күмбірі қазақ қыздарының шашбауының сыңғыры  мейрамның ажарын аша түсті. Түркі жұртына ортақ жер дүниенің жаңару күні білім ордасында ерекше сипатқа ие болды. Университет ұстаздары мен студенттері мерекелік бағдарламаны өздері ұйымдастырып  өздері қыздырды.


РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК А. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ М.Ғ.Д.  
Барлық Қазақстандықтарға тыныштық тілеймін бақ береке болсын. Өмірлеріңіз баянды сәнді мәнді болсын. Тәрбиелеп отырған жастарымызды қолдап Біздің түлектеріміз арнайы келіп құтықтап жатыр. Біздің түлектер еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді.

Жылда наурыз мейрамы кезінде  университет түлектері өздері білім алған оқу орнына арнайы келуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолыда алғыр түлектер мерекелік жиынның төрінен табылды.  Ұстаздарға алғыстарын білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.  Айтқандай университет ректорының туған күні мерекемен түспа түс келіп отыр.

АЛМАС ТОЛЫҚБАЙ, ТҮЛЕКТЕР АССОСАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сүйікті университетіміздің ректоррының туған күнімен бірге Наурыз тойланып жатыр. Шымкент халқы мен университет ұжымын құтықтаймын.

Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 13 мыңнан аса студент білім алады. Жоғары санатты оқытушы құрам шәкірттердің білімін жетілдіруде жүйелі  жұмыс атқарады. Оқу орнының студенттері республикалық білім сайыстарында алдыңғы қатардан көрініп жүр. Қоғамдық жұмыстар да да университет шәкірттері белсенді.