Түркістан қаласындағы Теннис орталығында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында турнир басталды. «ITF J30 Turkistan» халықаралық жарысы рухани шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.



 Халықаралық деңгейдегі сайысқа Қытай, Чехия, Испания, Гонконг, Сингапур, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен жас теннисшілер қатысып, мықтыны анықтауда. Жарысқа жалпы саны 64 спортшы қатысуда: 32 ұл, 32 қыз. Турнир жаңа форматта өтеді: алдымен теннисшілер топтық кезеңде өнер көрсетіп, үздік шыққан 8 спортшы плей-офф кезеңінде бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, турнир нәтижелері қатысушылардың халықаралық рейтингтеріне әсер етеді. Түркістандағы бұл жарыс жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, әлемдік аренаға жол ашатын маңызды алаңға айналмақ. Дүбірлі дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді.