6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкент – Ақтас – Қазығұрт бағытында 100 шақырым қашықтықта шеру өткізді.
Іс-шараға 20-дан астам техника мен 70-ке жуық әскери қызметші қатысты. 2025 жылдың 1 және 2 шақырылымының жүргізушілері практикалық түрде теориялық білімдерін бекітіп, әскери техниканы басқару шеберлігін көрсетті. Шеру кезінде түрлі кедергілерді еңсеру дағдыларын игерді. Сондай-ақ қатысушылар Қазығұрт ауданындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп-лицей оқушыларымен кездесіп, ҚР Ұлттық ұланы Академиясына түсу мүмкіндіктері мен кәсіби өсу жолдары туралы айтып берді.