Бүгіннен бастап көлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға өсімпұл есептеле бастайды. Салық мөлшері заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес есептеледі.
Мамандар салықты уақытында төлеуге шақырады. Себебі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептеледі. Ал 10 мамырдан кейін де қарыз өтелмеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Көлік салығы бойынша берешек туралы ақпаратты eGov порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.