Леңгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясында ерекше мәдени іс-шара өтті. Мектеп жанындағы «Город подростков» театрлық студиясының оқушылары француз драматургі Жан-Батист Мольердің әйгілі «Тартюф» комедиясын сахналaды.
Спектакль көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Оқушылар актерлік шеберліктерін, сахна мәдениетін және көркем образ жасаудағы қабілеттерін көрсетті. Қойылымдың безендірілуі мен костюмдері де ерекше назар аудартты. Мәдени іс-шара мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Көрермендер жас әртістердің өнеріне жоғары баға беріп, ұзақ уақыт қол соқты.
Бұл қойылым үлкен дайындықтан кейін сахналанып отыр. Біз оқушылар арасында әртістерді іздеп, кастинг ұйымдастырдық. Көп дайындалдық. Нәтижесінде қойылымды жоғары деңгейде көрерменге ұсынып отырмыз. Басты кейіпкер Тартюфтың бейнесі мен оның айналасындағы оқиғалар көрермендерді бірде күлдіріп, бірде ойға қалдырды.