Аптап ыстық аптаның аяғына дейін сақталады. Алайда артынша Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Мамандардың болжамы осылай. Аптапты ыстықтан қалай сақтанамыз, созылмалы ауруы бар азаматтар не істеуі керек? Тақырыпты тілшіміз сабақтасын.

ӘСИЯ ҚЫДЫРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ АУА РАЙЫН БОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Кеше,бүгін облыстың кей жерлерінде 40,43 гр қатты ыстық байқалады. Ертеңнен бастап, 23 маусымға дейін ауа температкурасы 32,37 . Олыстың таулы аудандарында 28гр төмендейді. Ертең күндіз таулы аудандарында өткінші жаңбыр найзағай болады.Облыстың солтүстігінде, бастысында және Түркістан қаласында шаңды дауыл тұрады. Облыстың кей жерлерінде жел 15/20 метр секундқа дейін күшейеді

Қатты ыстықты әсіресе жүрек, қан-тамыр жүйесі әлсіз адамдар көтере алмайды. Сондықтан жеңіл, ашық түсті киім киіп, көп су ішуге кеңес береді. Әсіресе, созылмалы дерті бар азаматтарға бұл талаптар маңызды.

ДАНИЯР ЛАУЛАБАЕВ, ДӘРІГЕР КАРДИОЛОГ
Аптапты ыстық жүрек-қан тамыр аурулары бар тұрғындар үшін аса қауіпті. Дәрігерлер күннің ысуымен байланысты шағымдардың көбейгенін айтады. Соның ішінде жүрек қысымы көтерілген, тыныс алуы қиындаған азаматтар жиі түсіп жатыр екен.

БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Синоптиктер тұрғындарды алыс сапарларды кейінге шегеруге, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және аптап ыстықтан қорғанып жүруді ескертеді. Мамандардың айтуынша, жоғары температура мен күшті жел өрттің тез таралуына әкелуі мүмкін. Дауылды ескерту жарияланған өңірлерде төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларын мұқият қарауға үндейді.