Қызымды бұралқы ит қуып, қауып ала жаздады. Аллея ішінде жүретін төрт аяқтылардан қауіп пен залал көп. Олар демалыс аймағын ластап, келушілерге қатер төндіреді. Итпен бірге серуендейтіндер де қоғамдық тәртіпке құлақ аса бермейді. Осылай деген қала тұрғыны шаһар басшысына өтінім жасап, мәселені бақылауға алуын өтінді. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков жауаптыларға нұсқама беріп, қадағалаудың күшейетінін айтты.
МАРЖАН ОМАРҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Ит деген толып шетінде жүрмейді. Ортасында жүреді. Олар хайуан, балам! Анда отырып кетеді, анда бүлдіріп кетеді.»– «Қазір сіздер кетіңіздер бес минуттан кейін иттер ғана жүреді» – «Жақында үштегі қызымды фантанның алдында ит қуып жүр.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жетекте жүрген иттерден қауіп бар деп ойламаймын. Ал бос топтасып жүрген иттер біздің жұмыс.»«Апа, бар екен камералар. Қазір тексеріп көреді. Сосын мына жерге қойып береміз дейді.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Көшпелі кездесу Әл-Фараби ауданында жалғасты. Ашық аспан астындағы жиын ашықтық саясатын ұштап, бұқара мен билік арасын біріктірді. Ашық миркафон барлық тұрғынға тең құқық сыйлап, талап-тілек, арыз-шағым тыңдауа мүмкіндік берді. Қала әкім жауапты басқарма өкілдерімен бірге қойылған сауалдарға жауап беріп, түйіткілдерге шешім іздеді. Бірі бұралқы иттер мәселесін көтерсе, енді бірі инфрақұрылым жүйесін ұштауды өтінді»
СӘБИТ ТАСТАНБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«№24 мектепке осы шағын ауданның 80 пайыз оқушысы барады.» «Нақты сұрақ жаяу жүргіншілер өткеліне кедергі орнату қажет. Зуылдап көлік өтеді. Өте қауіпті.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қойып береді. Бірақ лежаюший полиция емес, шумды жолақ»
Қала тұрғыны, табиғат жанашыры Бақыт Исабекұлы Рысқұлов көшесі бойындағы көшеттердің толық суғарылмайтынын айтып шағымданды. Егілген, гүл-дарақ жөнді көктемей, бюджет қаражаты желге ұшпаса екен деп алаңдайды ол.
БАҚЫТ ИСАБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Тек ортасын ғана суғарады. Кім жауапты екенін білмеймін. Бірақ екі шетіне су қойылмайды. Еккеннің бәрі теңгеге келген бірақ күйіп кетіп жатыр.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Екі шетін қолмен суғарып тұрады керегінше. Компания бар.»– «Шынарлар еккенбіз. Бір ауыру бар екен. Бір біріне жұғып, өспей қалады.» «Компания ауыстырады. Ешқандай бюджеттің ақшасы кетпейді. Өзінің міндеттемісі аясында ауыстырып, суғарып отырады.»
Аудан тұрғыны Лаззат Исаева балалар алаңшасын құруды емес, сүруді сұрады. Айтуынша, мұндағы алаңша ескі, жеткіншектер денсаулығына қауіп төндіреді.
ЛАЗЗАТ ИСАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Түгелдей алып тастай салсыншы, өтініш. Біз балаларды ол алаңшаға мүлде ойнатпаймыз. Қанша рет онда балалар құлады. Басын жарып алды. Ескі ғой, темірден жасалған.»
Қала әкімі ескі алаң сүріліп, жаңа алаң келесі жыл жоспарына енгізілуі мүмкін екенін жеткізді. Ол үшін тұрғындар аудан әкімімен байланысып, ортақ байламға келу қажетін айтты.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Футбол алаңшасы қажет пе, сол жердің жоспарын жасаңыздар.» - 01:49, 02:09 – «Әкіммен бірге сөйлесіңіздер.»
Кездесу ауданның 6 орнында өтті. Тұрғындар қала әкіміне тікелей сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Ақсақалдар қала халқы мен билігіне бата беріп, алға қойған жоспарлардың сәтті іске асуын тіледі.