Шымкент — еліміздің ең күншуақты, ең жасыл шаһарының бірі. Қаланың экологиялық әлеуеті жылдан-жылға жақсарып келеді. Жасыл аймақтарды көбейту бағытында соңғы үш жылда миллиондаған көшет отырғызылды. Биыл бұл көрсеткіш 6,5 миллион түпке дейін жеткізілмек.
Шымқалада “Жасыл белдеу” аумағын кеңейту ісі жыл санап жақсарып келеді. Мақсат – қаланың микроклиматын жақсарту. Қазір 2 200 гектар аумақта орман алқабы бар. Сонымен қатар автоматты суару жүйелері арқылы көшеттердің күтімі де жолға қойылған.
ӘБІЛХАЙЫР ОҢҒАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2024 жылдың 10 айында А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта 74 560 түп ағаш және 4 615 бұта өсірілген; бұл басқосу — 100 каштан, 300 биота, 38 можжевельник және 30 дан астам жеміс ағаштары
Қалада тек көшет егу емес, жаңа демалыс аймақтары мен саябақтар да көбейіп келеді. Бұл — тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор.
БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Шымкент – мен үшін тек туған қалам емес, табиғаты таза, тынысы кең, жайлы мекен. Біз жастар табиғатты қорғап, болашақ ұрпақ үшін де осы игі істерді жалғастыруымыз керек.
Қалада 111 ұңғыма мен заманауи суару жүйесі іске қосылған. Бұл сән беріп қана қоймайды, таза ауаның кепілі. Мәселен, А.Асқаров атындағы дендросаябақта биылдың өзінде 74 мыңнан аса ағаш пен бұта егілді. Табиғатқа жасалған қамқорлықтың айғағы осы болса керек. Шымкент — жай ғана қала емес, табиғат пен адамзаттың үндескен мекені. Жасыл желек – бүгінгі тыныс, болашақтың сенімі, дейді тұрғындар.