Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқығын қорғаудың озық заңнамалары мен тиімді жүйесі қалыптасты. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы Заңның қабылданғанына бір жыл толғанын еске салып, нәтижелерін баяндады. Оның айтуынша, биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты арыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға азайған. Ауыр және аса ауыр тұрмыстық қылмыстар саны да төмендеген. Кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы қылмыстар 21,3%-ға, педофилия фактілері 40,7%-ға азайған. Соңғы бес жылда әйелдердің құқықтарын бұзған қылмыстар екі есеге азайды. Қазір 112 қала мен ауданда отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. 20 психологиялық көмек орталығы ашылған. Биыл алғашқы тоқсанда 34 мың отбасына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАНЫНА БІР ЖЫЛ ТОЛДЫ
Арыздар саны 20,5% ↓
Аса ауыр тұрмыстық қылмыс – 44% ↓
Ауыр тұрмыстық қылмыс – 29% ↓
Жыныстық сипаттағы қылмыстар – 21,3% ↓
Педофилияға қатысты қылмыстар – 40,7%↓
Әйелдердің құқықтарын бұзу фактілері 2 есе азайды
Отбасын қолдау орталығы – 112
психологиялық көмек орталығы – 20