Мәселе айқаймен емес, ақылмен шешіледі. Проблема жоқ емес бар. Жұмыстар жүйелі жүргізіліп, түйіткілдер рет-ретімен шешімін табады. Осылай деген қала әкімі тұрғындармен көшпелі кездесу өткізіп, азаматтардың базынасын тыңдады. Көтерілген проблемалардың дені жол, инфроқұрылым, жарық, ауыз су. Келелі кездесуге қатысып қайтқан Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Жоспар бойынша қала билігі ауданның бес орынында жиын өткізіп, сан-сауалға шешім іздейді. Кезекті меже «АСАР 2» шағын-ауданы. Талап-тілек, арыз-шағым арқалай келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы шатыр тігіліп, күннен көлегейлеу жұмыстары жүргізілген. Тұрғындар кезекке тұрып, ашық микрафон арқылы қала билігіне сауалдарын жолдап жатыр.
Ақмарал Өмірзақова «Қайнар бұлақ» шағын ауданы кәсіпкерлерінің мәселесін көтеріп, жан-айқайын жеткізді. Айтуынша ондағы біршама дүкен қызыл сызыққа түсіп, құжат рәсімдеу мәселесі мұң болған. Белгіленбеген орында сауда жасағандарға ескерту жасалып, 12 тұлғаға айппұл салынған. Қолымыз жіпсіз байланып отыр деген кәсіпкер мәселесін шаһар басшысына айтты.
АҚМАРАЛ ӨМІРЗАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Патент төлеп жатырмыз. Налог төлеп жатырмыз. Лицензия төлеп жатырмыз. Жарыққа төлеп жатырмыз. Құжат жасай алмай отырмыз. Өйткені қызыл сызық кедергі болып отыр. Бір ай болды «Қайнар бұлаққа» тыныштық жоқ. Құжаттарың жоқ деп 900 мың теңгеден әр қайсымызға айыппұл салып жатыр.»
Ғабит Сыздықбеков кәсіпкер мәселесін мұқият тыңдап, көмек көрсетілетінін айтты. Тағайындалған айппұлдың алып тасталатын жеткізді.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Барлық айыппұлдарды алып тастаймыз.»
Дүйсенбай Арысбаев – «Асар-2» шағын ауданында тұрады. Айтуынша, оның үйі кәсіпкерлік нысан есебіне тіркеліп, біршама кедергілерге тап келген.
ДҮЙСЕНБАЙ АРЫСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Кадастр есебінде такси шақырамыз. Дәл солай жедел-жәрдем шақырамыз. Мүмкіншілік болса осыны реттеп берсеңіз.»
Қала әкімі мәселенің түп-төркініне үңіліп, ғимараттың нысаналы қызметіне тоқталды. Тиісті мамандарға тапсырма жүктеп, тұрғынға ақпараттық көмек көрсетілетінін айтты.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Үй салмайтын жерге үй саласыздар. Жалпы айтамын, мәселе көп. Сосын келесіздер мынаны шешіп бер деп. Болмайды ғой олай.» «Сол кезде ауыстыру керек еді. Ғимараттың нысаналы мақсатын ауыстырып алып салсаңыз ешқайдай мәселе болмаушы еді.» «Қазір мына балаңыз барады. Көмектеседі.»
Қала әкімімен «Бозарық» шағын ауданының тұрғындары да кездесіп, талап-тілектерін жеткізді. Мират Ақмолдаеваның сөзінше аулаға жарық шам орнатылмаған. Ғаламтор жүйесі тағы жоқ. Өркениеттен қол үзіп, бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз дейді.
МИРАТ АҚМОЛДАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Двор болсын, көше болсын ешқандай жарық жоқ.» - «Интернет те жоқ. «Билайн» компаниясына арыздандық. Акимат қабылдамай жатыр дейді. 21 ғасырда интернетсіз өмір сүру мүмкін емес қой.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жарықты қосылып тұр екен. Баланстан балансқа беріп.. Өз процедурасы бар.»
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Тұрғын үйлерге қазір оптикалық интернет кіргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.»
Кездесу соңында қала әкімі үш бірдей бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақжол тіледі. Қатарында 12 жастағы Бәйдібек Азамат та бар. Көп ішінен суырылып шығып, өзі өтінім берген жеткіншек: «менің де әкім болғым келеді. Халық жағдайын бағып, кем-кетігін түзеу алға қойған басты мақсатым» дейді. Айтылған мәселе орынында қалмайды. Әрбір талап-тілекті жауаптылар түртіп алып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.