Шымкент қаласында алғаш рет ерекше музыкалық-оркестрлер шеруі өтті. Наурыз алаңында өнер көрсеткен ұжым тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлап, рухани демалыс жасады.


Іс-шараға «Шымкент концерт» ұйымының қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысты. Бұл – еліміздің мәдениетіне серпін беретін айтулы жоба. Классика мен ұлттық нақыш, джаз бен заманауи бағыт – бәрі осы шеруде тоғысты. Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы республикалық оркестрлер шеруіне алғаш рет қатысып отырғандарын айтады.


БАУЫРЖАН ҚАЛИОЛЛА, Ғ. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Музыкалық мереке аясында халық түрлі жанрдағы туындыларды тыңдап, өнер мен руханияттың үндестігіне куә болды. Көңілді кеш, өнер мен ұлттық мәдениеттің салтанаты – Шымкенттің жаңа мәдени дәстүріне айналмақ.


АРМАН ЖҮДЕБАЕВ, ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ


Айта кетейік, 17 маусымда өтетін басты концертке Құрманғазы оркестрі, «Ақжауын», Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Ш.Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестр мен CDA Big Band джаз оркестрі қатысады. Барша қала қонақтары мен тұрғындарын музыкамен сусындауға шақырамыз!