Шаһарда Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылғалы талай жан үйлі болып жатыр. Көпшілік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компанияларынан баспана алуда. Қаладағы Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” атты мерекелік іс-шарада тұрғындарға пәтер кілттері табысталды.


Баспаналы болған бақытты жанның бірі Ақерке Өсербаева. Ол Отбасы банкке екі жылдан бері қаржы жинап KANFAR building компаниясынан пәтер алды. Қуанышты күнге ертерек жетуге «Қамқор» бағдарламасы себеп болған.


АҚЕРКЕ ӨСЕРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Одобрения алғансоң біз үй іздеуді бастадық. Түрлі компанияларды көрдік ОКС ті көрдік соның ішінде ең ұнағаны осы компания болды. Отзывтарын көрдік сапасын көрдік осы көңілімізден шығып отыр.


«Отбасы банк» АҚ Otau group, OKS group, Kanfar building, Pioneer group құрылыс компанияларымен бірлесіп, керемет кеш ұйымдастырды. Қала күніне орайластырылған іс-шараға танымал эстрада жұлдыздары қатысты. Тұрғындар мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


ЕРКІН АХЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы құрылыс компаниялардан үй алып бағдарламаларға қатысатын болса Құрылыс компанияларда өз пәтерлерін ұсынып отыр. Бұл іс-шараға 20адамды шақырдық әр компаниядан 5 адамнан. Оларға компания басшылары


Құрылыс компанияларының үйлері қалада инфрақұрылымы дамыған аудандарда орналасқан. Қазіргі таңда аталған «Қамқор» өңірлік бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуында бірегей жобалардың бірі. Айта кетсек, қазіргі уақытта Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік бағдарламасы арқылы 368 тұрғын баспаналы болды.