14 маусым қоғам және мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібаев дүниеден қайтқан күні. Шымкенттегі зиялы қауым өкілдері дара тұлғаны еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Арнайы ас беріп, құран бағыштады.
Монументке жиылған жұртшылық ғалымның еңбек жолын әңгімеге арқау етті. Орта Азия халықтарын бұратана санайтын кеңестік сеңді бұзған қандастардың бірі Төлеген Тәжібаев. Ол қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл кісі Қазақтың белгілі тұлғасы,былай айтқанда номері бірінші психологы деп айтсақ болады.Ол кісі тіптен бұрынғы психология саласындағы қазақтан бірінші шыққан маман,азамат.Бұл кісі әсіресе бұрынғы ғалымдар мысалы Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаевтардың еңбектерін терең зерттеп,осы кісінің ұйғарымы бойынша Абай Құнанбаев Республика көлемінде қазақтан шыққан философ, психолог деген атақ берген осы Төлеген Тәжібаев болып табылады.
Академиктің атын иемденген №47 мектеп-гимназияның оқушылары іс-шараның көркін ашты. Аталарына арналған өлең шумақтарын оқып, еңбек жолын жатқа айтты. Мінберге шығып сөз алған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек алғыр шәкірттерге ғалымның жолын тіледі.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аталардың жолын ұстанған аталарын құрмет тұтатын, аталарын сыйлайтын аруағын ұмытпайтын ұрпақ тұрғанда Төлеген атамыз мың жасайдығой деп білеміз.Осы атамыз арғы дүниеден де осы балаларға шапағатын төге берсін,еліміз дами берсін,Төлеген атамыздай осы арамыздан шығатын ғалым кісілер,халқына қызмет істейтін патриот кісілер көптеп шыға берсін.
Ғалымның аты өлседе хаты өлмейді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібаевтың есімі де ел есінде.