Өңір өнерпаздары жарап тұр. Қалада «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі өтті. Мәдениет пен өнерді ұлықтаған бұл іс-шарада Түркістан қаласы мен Шардара ауданы өзара сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен түркістандық өнерпаздар келесі кезеңге жолдама алды.
Шығармашылық ұжымдар көрерменге ұлттық болмыс пен өнердің сан қырын көпке ұсына білді. Олар ақындар айтысы, дәстүрлі терме, ұлттық аспаптар ансамблі, эстрадалық ән, би өнері, вокалды-аспаптық топтар, «Ауылдың алты ауызы», салт-дәстүр көріністері сынды жанрлар бойынша бақ сынады.
Екі ауданның екі қаланың өнер шеберлерінің өнерінің шыңдалған биігіндегі тоғысқан жері деп ойлаймын. Бүгінгі сайысқа қатысқан Түркістан бас жүлде алсын деп тілеймін! 05:58
Сайрам ауданы мен Келес аудандарының сайысын көрдім. Өте жоғары деңгейде. Әсіресе Сайрам мен отырар ауд деңгейлері өте жоғары. Таза өздерінің ойыменен жеңіп шықты деп ойлаймын. Кім басым, сол орынды алу керек!
Биылғы фестиваль ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Үш кезеңнен тұрған додаға қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы жанрлық ерекшелік, ұлттық нақыш, сахналық мәдениет пен ұйымдастырушылық деңгей бойынша бағалады. Айта кетейік, фестиваль облыс әкімдігінің қолдауымен, Облыстық мәдениет басқармасы мен мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мамыр-шілде айлары аралығында өтеді.
АЙГЕРІМ ЖҰМАБАЙ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Жақсы өтіп жатыр, жүйелі түрде. Әжелеріміз кимешегімен әдемі әуенімен шығп, ортаны баурап жатыр. Қазаи нақышта ұлттық киімде осының ары қарай жалғасын таба берсе, ұрпақтан ұрпаққа үлкен мұра қалдырары сөзсіз.
Фестиваль аясында қолөнер шеберлері мен кітап көрмелері, ауданның жетістіктері де көпшілік назарына ұсынылды. Осылайша, ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Түркістанның төрінде өткен думанды кеш қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.