Түлкібас ауданы Еңбекші ауылының енді өз қақпасы бар. Елдімекенге кіреберісте аймақтың аты жазылған арка орнатылды. Ауылдағы ақтолғай жаңалықты тілші әңгімелейді.


Елде болса ерінге тиеді. Еңбекшіден шыққан жомарт жігіттер ауылдың ажарын ашуға атсалысып келеді. Солардың бірі Темур Дүйсенбаев. Меценат туған өлкесіне бар тапқанын шашуға әзір. Даңғарадай арканы да өз қаражатына салып ел игілігіне тапсырды. Қақпа кәсіпкердің елге деген алғашқы тартуы емес.


МЫРЗАХАН СҮТІМБЕТОВ, МАШАТ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Өзінің жаңағы көпбалалы отбасынан шыққанының себебіненба үнемі елге қамқоршылық жасауға өте жақын. Соның ішінде Тұрсынбеков атындағы негізгі мектепке көмек көрсетеді. Спорт залын жабдықтап спортшылардың жағдайын жасап берді.


НҰРЛАН ТАЙЖАН, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бұл інімізге үлкен рахмет айтамыз алғысымыз шексіз осы ауылға қаншама еңбегі сіңіп жатыр ауылға 12 дана өз күшімен жарықтандыру орнатып беріп жатыр.


Темур Дүйсенбаев бұған дейін ауылына Алланың үйін соғып беріп алғыс арқалаған. Ол мешіт бұл күнде имандылық ұясына айналған. Ауылдың мақтанышы мұқтаж отбасыларды да қанатының астына алып жүр. Жетім жесірді қаржылай қолдауды дәстүріне айналдырған.


ТЕМУР ДҮЙСЕНБАЕВ, КӘСІПКЕР

Осы ауылдың тұрғынымын осы ауылда өстік осы ауылда өндік осы ауылға қызмет істемегенде қай уақытта істейміз. Біздің ауыл әдемі болып тұрса пәленшенің ауылы деп білесіздерғой қазақта.


Салтанатты шарада жомарт жігіттерге ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, қариялар ақ батасын ақтарды. Жиылған жұртқа концерттік бағдарлама ұсынылды. Елімізге танымал өнер жұлдыздары ауылдағы ағайынның көңілін көтеріп, бір марқайтып тастады.