Мегаполисте бір күнде 100 адам қан тапсырып, өзгелерге үміт сыйлады. Соның ішінде тұрақты донор боп жүрген жап-жас азаматтар да бар. Олар игі жасау – өзімізге де пайдалы дейді. Яғни қан тапсыру - ағзадағы жасушаларды тірілтіп, иммунитеттің күшеюіне оң әсер етеді.


Мұхамедәли Оралбек 18 жасынан бері донор. Осы уақытқа дейін 15 рет тапсырған. Белсенді жас әр келген сайын бір адамға көмегі тиіп жатқанын сезінеді. Осылай сауапты іске өз үлесін қосып жүр.


МҰХАМЕДӘЛИ ОРАЛБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жасым 22 де Келіп жүргеніме екі жыл болды. Келудегі мақсатым мұқтаж азаматтарға қан беріп көмектесу. Және өзімнің денсаулығыма да пайдалы.


«Қан тапсырып, үміт сыйлаңыз» акциясына қатысқан еріктілерден сынама алынып, жарамдылары қан тапсырды. Орталық директорының айтуынша, донорлар қатары жыл санап артып келеді екен.


АМАНГЕЛДІ НҰРЛЫБАЕВ, ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз екіге бөлінеміз. Біздің бүгінгі жұмысымыз өндіріс. Донорлармен жұмыс жасайтын бізбіз. Сондықтан соларды құтықтап, оларға рахмет айтып, бүгінгі күнді жүргізуіміз керек.


Айта кетейік, орталық облыс және қала бойынша 42 медициналық мекемені қан компоненттерімен қамтамасыз етеді. Ал Шымкентте жылына 30 мыңға жуық азамат донор болуға келеді.