«Құқықтық кеңес» партиялық жобасы жалғасып жатыр. Аманаттықтар кезекті қоғамдық қабылдауда тұрғындарға заңгерлік кеңес берді. Бұл күні инфрақұрылым мәселесін көтергендердің де қарасы қалың болды. Сюжеттен көрейік.


Бұл күні мамандар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым мәселелерін көтерді.


ГҮЛМИРА ИСЛАМҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Басында заявление жазғанбыз. Сол арқылы көшемізді жөндеп берді. Жарықшамдар орнатып берді. Бірақ енді сол жарық өшіп қалған. Соны арызданып келіп отырмын. Балалар мектепке барады, кеш қайтады. Көше қараңғы болып тұрады.


Бұдан аталған проблеманың әлі де өзекті боп тұрғанын байқайсың. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте барлығы 181 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1399 азаматтан 3953 өтініш түскен. Оның ішінде 3237-сі уақатында оң шешімін тапқан. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халық көбінесе осы инфрақұрылым мәселелерін көтереді. Соның ішінде мынау жолға қатысты мәселелерді көтереді. Бұған дейін партия 50 азаматты қабылдап, солардың 50 пайызының өтініші қанағаттандырылған.


Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосатын болады.