Бүгін Шымкентте медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Кеште үздік дәрігерлер марапатталып, ерекше жетістіктері үшін алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.


Құрмет төріне шыққан мамандардың бірі жоғары дәрежелі нейрохирург Сәрсен Махамбетұлы. 30 жылға жуық тәжірибесі бар жоғары дәрежедегі маман бас миы және жұлынға жасалатын күрделі оталардың шебері. Ол осы уақыт ішінде 1000-нан аса науқасқа өмір сыйлап, өлім аузынан аман алып қалды. Кәсіби шеберлігі мен медицинаға қосқан зор үлесі бүгін лайықты бағаланып, «Үздік дәрігер» атағына ие болды.


СӘРСЕН ПЕРНЕБЕКОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ


Шымкентте медицина саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жоғары технологиялық оталар саны 1500-ден асқан. Қалада жаңа көпсалалы ауруханалар мен перинаталдық орталықтардың құрылысы жоспарлануда. Ал дәрігерлердің біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.


НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Осылайша, өз саласында табысты еңбек еткен дәрігерлер кәсіби мерекеде лайықты құрметке бөленді. Салтанатты шараның соңы мерейлі мамандар үшін арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.


Бұл медицина қызметкерлері күні қарсаңындағы Шымкенттің жетістіктері. Мереке құтты болсын!