Қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер сахна төрінде. Театр әртістері мен жастар ұйымдары бірігіп, заманауи қауіптердің бет-бейнесін ашатын әлеуметтік қойылым ұсынды. «Қиянат» атты сахналық туындыда радикалды діни ағым мен құмар ойындардың жастар өміріне кері әсері көрініс тапқан.
Қойылым Найман-Ана көрінісімен басталып, дәстүр мен діннің үйлесімі, ұлттық болмыстан алыстау, жастардың шатасқан сенімі төңірегіндегі күрделі мәселелерді ашады. Сахналық туынды жастарға ой салып, ата-баба жолынан адаспауға шақырады.
САЯТ ҚҰРАЛОВ, АКТЕР
Менің кейіпкерім — Қайсар — өмірдің қиын кезеңінде адасып кетеді. Қаржы тапшылығы, жұмыссыздық, қарыз — бәрі оны әлсіз сәтінде торға түсіреді. Қайсардың басынан өткен оқиғалар – шын өмірден алынған. Бұл тек сахналық образ емес, бұл – бүгінгі шынды
1 сағаттық қойылымда 14 актер өнер көрсетеді. Туынды М.Әуезов атындағы ОҚУ мәдениет және өнер факультетінің мұрындық болуымын жарық көріп отыр. Оқытушы құрам мен студенттерден құралған шығармашылық ұжым жеткіншектерді оңай олжаға құнықпауға шақырып отыр.
АЙНА ИМКУЛОВА, РЕЖИССЕР
Бұл – жай қойылым емес. Бұл – үндеу. Біз көрерменге бір отбасының тағдыры арқылы тұтас қоғамның дертіне үңілуді мақсат еттік. Жастар жеңіл жолмен өмір сүруге тырыспай, ойлансын, дұрыс таңдау жасасын деген ниет бар
БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Болашақ жастармен. Рас, өз ісінің шебері, өзін көрсете білетін жастар жоқ емес, десе де осы оңай олжа табамын деп әр бәлеге ұрынып жүргендер де жоқ емес, біз осы арқцылы аудиторияға ой салғымыз келіп тұр.
Ақиқатты айту – өнердің міндеті. Ал ақиқат – кейде ащы. Бұл қойылым ұрпаққа жасалған ескерту. Ұлттық дәстүр мен шынайы дінді шатастырмай, саналы таңдау жасау әр жастың жауапкершілігі. Бүгінгі қойылымның көкесегені де осы.