Ауыл – ел бесігі. Ұлттық болмыстың күре тамыры. Ұлт руханияты да осы ауылда жатыр. Мемлекет басшысы әрдайым сол ауыл тұрғындарына жайлы орта қалыптастырып, жағдай жасау керек екенін айтып келеді. Осы мақсатта Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы қолға алынды. Бұл елді мекендердің дамуына септігін тигізіп келеді. Мақтааралдағы Алғабас ауылы 2024 жылы сол «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы атанды.
Шағын ғана ауылда инфрақұрылым жетілдірілген. Көп ұлтты халқының ауыз бірлігі бекем. Халқы еңбекқор. Әсіресе аға буын өкілдері мен аналардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны бөлек. Үлкендер жастарға білгенін үйретеді. Ал, ақ жауылықты аналарымыз қыз балалардың бойына ибалық пен инабаттылықтың шуағын шашады. Ауыл халқы өздері сайлап алған әкімдері мен депутаттарына алғыстан басқа айтарлары жоқ.
АСҚАР ЕЛЬШИЕВ, АЛҒАБАС АУЫЛЫНЫҢ БИІ
Алғабас деген бұл құт,береке дарыған жер. Егемендік алғанан кейін мынау мәдениет үйі тұр бірақ бұл қараусыз қалды. Бірнеше жыл күтімсіз жарамсыз күйге түскен біз мынау халықтың қалаулысы Абзал Бексұлтан деген жігітті ауыл партиясынан сайлап осы жігіт үлкен белсенділік танытып үлкен қаржы әкеліп осы жерге күрделі жөндеу өткізді. Бұл жерде аудан әкімінің де үлесі бар. Сондықтан қазір мынау халықтың игілігіне жарап жатыр. Одан кейін мини спорт алаңы салынды. Балдар күндіз түні сонда.
АЙДАР ҚАРАЖАНОВ, АЛҒАБАС АУЫЛЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз 2024 жылы «Үлгілі ауыл»деген номинацияға еге болғабыз облыс бойынша .Бұл енді үлкен еңбектің арқасы Біздің ауылдың ынтымағының арқасы. Жастары бар ауыл ағалары бар.Осы еңбекті өзіміз бастадық Асарлатып жүріп. Ауыл партиясы қолдау болып мәдениет үйі, стадин жарықтандыру бәрі бірнен бірі жалғасып кетті. Негізінен біздің Алғабас ауылының ынтымағының арқасында болған нәрсе.
Ауылда бос жүрген жас жоқ. Өйткені мұнда жыл онекі ай жұмыс. Қыста жер суғарып, маусымға әзірлейді. Ерте көктемнен бақша өнімдері мен қырыққабат егеді. Бүгінде мыршөлдің қауыны Батыс пен Еуропа елдеріне экспортталады. Бір жерден екі-үш өнім алып жатқан дихандар ба бар мұнда. Тіпті үй іргелік жерлерін иран баққа айналдырып алған жандар да бар.
АЛҚАГҮЛ ТҰРЫСОВА, АЛҒАБАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осы диханшылығымызды еңбекпен өсіріп отырмыз. Барлық жейтін өсімдіктердің барлығын қолмен өсіреміз. Жемістердің барлығын өсіріп, шауып еңбектің арқасында көгерттік. Ауылымыз жақсы шам шырақтар көшеде жанып тұр.Ұлдарымыз қыздарымыз немерелер көшеде емін еркін ойнайды.
Билікті елге жақындату үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасын да қолға алды. Әкімдер жұрт алдына шығып есеп беріп, көпшілік көкейіндегі сауалға жауап береді. Нәтижесінде көптеген қордаланған мәселе шешімін тапты. Оған қоса осы ауылдан сайланған депутат ауылдағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өтіп ойын алаңының салынуына мұрындық болған.
СӘКЕН КЕНЖЕЕВ, БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Біздің округте 6 елді мекен бар.10 мыңға жуық халық тұрады. 6 мектеп бар. 1 мәдениет үйі бар. Біздің округте табиғи газ бен электр бағаналары мен ауыз сумен толық қамтылған.Ауыл тұрғындарының негізгі күн көрісі егін шаруашылығы.Бізде жалпы округ бойынша 4574 гектар жер бар соның жылда 3 мың гектарға жуығы мақта егеді мың гектар қауын жүгері қауын салы егеді.
Біргілі бекем жұрт өз аулаларын тазалап, орталық көше бойына орындықтар мен қоқыс жәшігін өз күштерімен салып алған. Қандай жағдай болса да ауылдағы жұрт жұмыла жүріп бірге атқарады. Бір сөзбен айтқанда бірлігі бекем елдің іргесі сөгілмейді, дейді ауылдықтар.