Кәсіпкерге не кедергі? Олардың құқығы қорғалған ба? Мемлекет тарапынанан көрсетілетін көмек түрі қандай? Жағдай жасалған ба? Сан сауалға жауап іздеу мақсатында Түркістанда «Бизнес және инвестицияны қорғау» тақырыбында форум өтті. Іс-шараның мақсаты – бизнеске кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, оны уәкілетті органдармен бірлесіп шешу. Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Форумға құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың 40-тан астам қызметкерлері мен 100-ге жуық кәсіпкерлер, инвесторлар қатысты. Экономика тетігін күшейтіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда бизнес өкілдерінің қосатын үлесі зор. Олар салық төлеп қана қоймай, халықты жұмыспен қамтиды. Қала-аймақ өнідірісін еселеп, көркеюіне ықпал жасайды. Сол үшін кәсіпкерлерді қолдап, қандай да бір түйіткілі болса қол ұшын созу кезек күттірмейтін мәселе, - дейді ұйымдастырушылар.


АСЫЛАН ИБАДУЛЛАЕВ, КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Қазіргі таңда Түркістан облысындағы кәсіпкерлік палатасында 131 инвистициялық жобалар сүйемелденуде. Оның жалпы соммасы 3,1 трл-ды құрайды. Әрбір инвестор түрлі проблемалармен кездеседі. Ол мәселелерді біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолдау шараларын жасап жатырмыз.»


Жиында кәсіпкер жауаптыларға көкейтесті сауалдарын жолдап, түйіткілді мәселелерге шешім іздеді.

 «Су мәселесі, жарық мәселесі, проблема болып тұр.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Жауаптылар көтерілген мәселелер мазмұнын зерделеп, шара көрілетінін жеткізді. Бизнес өкілдері жолдаған сауалдар жауапсыз қалмай, тиісті орган қызметкерлері кері байланыс жасап отырды. Орынбасар Әбдікәрімұлының айтуынша форумның көздегені де осы. Бар мәселе осында айтылып, жауаптылар кәсіпкерлер жағдайынан хабардар болуы қажет.


ОРЫНБАСАР ӘБДІКӘРІМҰЛЫ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

«Жер-су мәселесі. Субсидия мәселесі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қолдан жасап жатқан мәселелері де бар. Сол үшін де биыл біз екі ауданда отырысымды өткіздік. Сондағы кәсіпкерлермен кездесіп, мәселелерді талқыға салдық.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Жиын барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев: «Форум – кәсіпкерлердің даусын естіртетін маңызды алаң. Біз бизнеске әкімшілік кедергілерді азайтуға, олардың мәселелерін тікелей құзырлы органдармен бірлесе шешуге мүдделіміз. Бүгінгі кездесуде көтерілген сұрақтар – өңірлік кәсіпкерліктің нақты жағдайын көрсетеді. Әрбір мәселе Палатаның тұрақты бақылауында болады», – деп атап өтті. Айта кетейік, Түркістан облысының прокуратурасы биыл 3 көшпелі кездесу өткізіп, 26 инвестормен сұхбат жүргізген. 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғанын анықтап, тіркелген әкімшілік істердің күші жойылған. 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулерін тоқтатқан