Қазақстан Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының төрағалығын қабылдады. Бұған дейін ұйымға Әзербайжан жетекшілік еткен еді. Тағдыры мен тарихы бір түркі тілдес елдерінің Парламенті өкілдері бүгін Астанада бас қосып, ТүркПА-ның 14-ші пленарлық отырысын өткізді. Жиында арадағы достастық, парламентаралық байланысты бекемдеу, гуманитарлық байланыстарды нығайту сынды бірқатар мәселелер талқыланды. Жиынға ТҮРКПА мүшелері: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламенттерінің спикерлері қатысты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Іс-шара қорытындысы бойынша маңызды құжат – «Астана декларациясын» қабылдадық. Ол түркі елдерінің парламентаралық ынтымақтастығын күшейтуге зор септігін тигізеді. Әсіресе мемлекеттеріміздің арасындағы достық пен сыйластықты арттыруға тың серпін берері сөзсіз.
Айта кету Қазақстан ТүркПА-ға бір жыл төрағалық етеді. Осы уақыт ішінде еліміздің Парламенті барлық сала бойынша түркі елдермен ынтымақтастықты нағайтып, ұйымның халықаралық беделін күшейтуге барын салмақ.
САГИБА ГАФАРОВА - ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУПБЛИКАСЫ МИЛЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Астана декларациясы» мемлекеттерімізді толғандыратын мәселелер бойынша ортақ ұстанымыздың, парламенттеріміз арасындағы өзара сенім мен қолдаудың айқын көрінісі. Бүгін біз сондай-ақ ТүркПА-ның жаңа бас хатшысын, оның орынбасарын сайладық. Ұйым мүшелеріне және төрағалықты қабылдаған Қазақстан тарапына сәттілік тілеймін.