Қазақстан ауылдарында 473 денсаулық сақтау нысаны салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға басымдық берілген. Бұл бағытта арнайы ұлттық жоба қабылданып, жүйелі жүзеге асырылып келеді. Жобаның діттегені — медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту арқылы шалғай елді мекен тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамту.
Мақсат аясында 655 нысан салу жоспарланған. Оның шеңберінде дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бой көтереді. Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек бүгінде жоба аясында 473 нысан пайдалануға берілген. Ал қалған 182 нысанды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Жаңа нысандар тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 427 ғимараттың орнына, медициналық инфрақұрылымы жоқ немесе жалдамалы ғимаратта орналасқан 208 нысанның орнына салынып жатыр.