Тоқу өнері – жай ғана хобби емес, табыстың көзі. Бұл Шымкенттегі №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ем қабылдап жүрген азаматтардың өмірінде айқын көрініс тапты. Қазірдің өзінде 25-тен астам емделуші осы жерде үйренген дағдыларының арқасында кәсіп бастап, өздерін қаржылай қамтамасыз етіп отыр. Толығырақ әріптесім Айгерім Дәулетбекқызы айтсын.


Орталықтың қызмет алушысы Малика Сейіткәрімова мұндағы нұсқаушыдан тоқу өнерін үйреніп, бүгінде тұрақты тапсырыстар қабылдап жүр. Қазір ол ұялы телефон қаптары, кофе салғыштар мен күнделікті тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдарды жасап, табысы тұрақты кәсіпкерге айналды.


МАЛИКА СЕЙІТКӘРІМОВА, ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

Мен бұл жерге ем қабылдау үшін келдім. Гауһар ұстазымның көмегімен моншақтармен жұмыс істеуді үйреніп, түрлі сөмкелер мен аксессуарлар жасауды бастадым. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдаймын. Ең алғашқы тапсырысым шетелге Ауғанстанға жіберілді.


№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында емделушілерге еңбек терапиясы ерекше қолдау көрсетуде. Мұнда қызмет алушылар денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай, жаңа кәсіп бастаудың нақты мүмкіндіктерін игереді. Соңғы бір жылда орталықтың 25 қызмет алушысы тоқу және тігін өнерін меңгеріп, өз ісін ашқан. Олар жасаған сөмкелер мен аксессуарларға тек елімізде емес, шетелде де сұраныс жоғары.


МЕРУЕРТ МЫРЗАХАНОВА, НҰСҚАУШЫ


Айта кетейік, орталықта мүгедектігі бар жандарға медициналық, психологиялық, құқықтық және еңбек терапиясы сынды қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда әрбір қызмет алушы өз мүмкіндігін ашып, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік алады.


АҚМАРАЛ ДОСБАЕВА, №4 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Еңбек терапиясы тек оңалту ғана емес, жаңа өмірдің бастауы. Мұнда жасалған қолөнер бұйымдары ерекше қажеттіліктері бар жандардың еңбегі мен табандылығының нақты көрінісі.