Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы айтарлықтай өседі. Мемлекет басшысы «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін құжатқа қол қойды.
Жаңа түзетулер 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын өңірге байланысты 35–50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жылу және электр энергетикасы саласындағы орташа жалақы 330 мың теңге болса, су шаруашылығында бұл көрсеткіш 231 мың теңге. Министрлік былтыр «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысын 25%-ға көтерген еді. Ал жаңа өзгерістер су саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталып отыр. Еліміздің стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы саласы енді тұрақты дамуға жаңа мүмкіндік алады. Жаңа өзгерістер білікті мамандарды тартуға ғана емес, су ресурстарын тиімді басқаруға да септігін тигізбек.