Биыл Қазақстан колледждерін 170 мың студент тәмәмдайды. Олардың 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алған.
Студенттер металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша оқыған. Оқу-ағарту министрлігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтарды оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінбек. Сондай-ақ кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен тағы 10 мың студент ақсыз негізде білім алады.