"Мен полиция боламын" сурет байқауы өз мәресіне жетті. Сайысқа патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің 25 ұл-қызы қатысып, өзара бақ сынасты. Олар "Менің ата-анам полицей" тақырыбына қалам тербеп, таным-түсінігіндегі сақшы образын бейнеледі.
Ұйымдастырушылар бұл жас өреннің полицейлерге деген оң көзқарасын қалыптастырып, патриоттық сана-сезім оятатынын айтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге департамент басшылығының грамотасы мен сыйлықтары табысталды. Іс-шараға ішкі істер органдарының арадегерлері арнайы келіп, жас буынмен байланыс орнатты. Ағалық ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар берді.