Шымкенттегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы 35 жас сарбазбен толықты. Олар – Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас буын өкілдері.


Жоспарға сәйкес, сарбаздар бір айлық жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырымен танысады. Осы кезеңде олар саптық, атыс, дене дайындығы мен әскери тәртіп негіздерін меңгереді. Әскери ұжым жас сарбаздарға қолдау көрсетіп, әскери қызметке тезірек үйренуіне барынша жағдай жасауда. Олардың арасында ерекше көзге түскен егіздер де бар. Нұрасыл мен Ерасыл әскерге бірге келуді алдын ала шешіп, бір бөлімге түскен. Жаңадан келген сарбаздар бір жылдың ішінде нағыз шыңдалған, тәртіпті, төзімді азамат болып шығатындарына сенімді. Ал бригада басшылығы жастардың алдағы уақытта сапалы әскери даярлық көрсететініне үлкен үміт артып отыр.