Енді еліміздің ірі қалаларында самокатты жол бойына дұрыс қоймағандар айыппұл арқалауы мүмкін. Кикшеринг компаниясының мәліметінше, ереже бұзған адам 100 теңге көлемінде ең төменгі айыппұл төлейді. Егер тәртіп бұзушылық қайталанып жатса, айыппұл құны 1000 теңгеге дейін өседі.
Бұл сомма әрі қарай 3 мың мен 10 мың теңгеге дейін баруы мүмкін. Самокатты тұраққа дұрыс қоймаудан бөлек екі адам мінгесу және мас күйде тізгіндегендер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кикшеринг қызметі тек белгілі бір аумақта жұмыс істейтінін ескерсек, самокатты сол аумақтан тысқары жерге апарып тастау ережеге қайшы келеді. Бұдан бөлек, құрылғыны пайдаланып болған соң қолданушы оның дұрыс қойылғанын дәлелдеу үшін фотоға түсіруі керек. Егер сурет анық болмаса немесе ереже бұзылған жағдайда айыппұл салынады. Аталған ережені Астана, Алматы және Шымкент қалаларында енгізу жоспарланған.