ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 25 жылдық мерей тойы тойланды. Ширек ғасырда көптеген белестерді бағындырған сала өкілдері құрметті ардагерлерін шақырып, сый-сияпат жасады. Қазақ елінің ішкі және сыртқы тыныштығын күзететін жауапты қызметкерлер марапатталды.
2000 жылы алғаш Сарыағаш шекара жасағынан басталған Оңтүстік өңірлік басқармасы Қызылорда облысы, Жамбыл облысы және Мақтаарал мен Меркі, Қордайдағы қазақ-өзбек аймақтарын қорғады. «Алғашқы кезеңдерде белгі қойылған жерлерден өтіп кететіндердің қарасы көп болған. Талап күшейіп, нақты атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазір заң бұзушылықтар азайған. Инжинерлік-техникалық база да нығайған», - дейді шекарашылар.
ГҮЛНАР СЕЙДАХМЕТОВА, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА КОНСУЛЬТАНТЫ
Соңғы жылдары айбынды шекарашыларымыздың қызметінің арқасынада заңсыз өтпекші болған 776 кг есірткі затын тәркіледік.30 шақты шекара бұзушыларды,40 мыңнан астам әкімшілік заң бұзушыларды құрықтатыдық.Заң бұзушыларға айыппұлдар салынды.Мемлекетімізге миллиартаған пайда келтірілді
Жанар Қошқарқызы шекара қызметінде 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл сала оның бала күнгі арманы. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандығына адал. Бүгінде құпия құжаттармен айналысатын ол еліме қызмет етіп, шекараның беріктігін сақтау үшін аянбай еңбек ете бермекпін дейді.
ЖАНАР ОМАРОВА, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰПИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Шекарашы офицерлер сіздерді 25 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.Тек ғана биіктерден көріне беріңіздер. Аспанымыз ашық шекарамыз берік болсын
Айтулы мерекеде «уақыттың тынысын сақтаған капсуланы» кейінгі ізінен еріп келе жатқан шекарашыларға қалдырды. Бұл – 25 жылдан кейін ашылатын аманат. Мерекелік іс-шара барысында ағаш көшеттері отырғызылып, қару-жарақтардан және арнайы техникалық көліктерден көрме қойылды. Оны болашақ кішкентай ел қорғандары қолымен ұстап көріп қызықтауға мүмкіндік берді.