Шымкентте күштік құрылымдардың арасында шағын футболдан чемпионат өтті. Департаменттің ұйымдастыруымен басталған дәстүрлі іс-шара «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттап, құрылымдар арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында қолға алынған.
Жарысқа 8 команда қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Әр команда жеңіске деген жігерімен көзге түсіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Спорттық жарыс тек шеберлік сынағы емес, қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен серіктестікті арттырудың бірегей алаңы болып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек спорттық бағытта ғана емес, қызметкерлердің моральдық рухын көтеру мен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға да оң ықпалын тигізбек.
ТАЛҒАТ ЕРЕЖЕПОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АРНАЙЫ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қазір өте тартысты ойын өтуде. Жақсы дайындалған команда жеңіске жетеді»,- деп ойлаймыз. Арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.