«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Түркістан қаласында да кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Абаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты.


Сенбілікке 800-ге жуық тұрғын қатысып, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл жолы 1-2 мөлтек ауданы аумағында ұйымдастырылып, шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, тұрғын үйлердің жертөлесі қоқыстардан тазартылды. Нәтижесінде, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, аумақтар толықтай тазартылды. Айта кету керек, Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер тарапынан өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мен қала аумағындағы санитарлық талаптарды сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.


ҒАЛИЯ СӘРСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Жалпы сенбілік деген, әрбір отбасының өзінен басталуы керек. Әрқайсымыз өзіміз отбасымызда есіктің алдынан жинаудан басталуы керек. Балаларға соны айта отырып, үйдегі отбасынан бастауымыз керек. Сонда біздің Түркістан қаламыз қазір облыс болды. Туризм статусын беріп жатыр. Соған барлығымыз себепші боламыз деп ойлаймын.