«Шымқала кештері» ашық аспан астындағы марафон жалғасын тапты. Шымкенттің демалыс орындарында өткен іс-шара қала тұрғындарының көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Мәдениет саласының қызметкерлері жанды дауыста ән шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Бұл жолы «Шымсити», «Жеңіс», «Наурыз» саябақтарында өткен концерттік бағдарлама қала тұрғындарын серпілтіп, жағымды эмоция сыйлады. Өнерпаздар жанды дауыста ән шырқады. Тыңдармандар көңілді кештің атмосферасына енді.
ЖАНАР ҚАЛИҚҰЛОВА, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ
Балаларын ертіп серуендеген ата-аналар концерттік бағдарламаның қызықты өткенін айтып, өнерпаздарға алғыс айтты. «Кештің шырайын келтіріп, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлау – біз үшін үлкен бақыт. Біз балаларға тек ойын-сауық емес, рухани тәрбие де береміз. Ертегі арқылы ой салуға тырысамыз»,- дейді «Қуыршақ» театрының басшысы.
САРДАР МОЛДАБЕКОВ, «ҚУЫРШАҚ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, «Шымқала кештері» - бұл рухани іс-шаралармен толықтырылған қоғамдық, мәдени бастама. Әсем музыкалық әуен, қолөнер жәрмеңкесі- барлығы да отбасылық демалыс үшін ұйымдастырылған.