Фестивальдің екінші күнінде металдан түрлі компазиция жасап, талайдың таңданысы тудырғандардың еңбегі жоғары бағаланды. Шебер қолдардан шыққан бұйымдар құрал ғана емес, нағыз өнер туындысы. Он саусағынан өнер тамған ұсталардың сайысы Шымкенттің рухани тынысын, мәдени әлеуетін айшықтаған айтулы күнге айналып отыр.
Болаттың бабын тапқан ісмердің бірі - Абдулла Наурызбаев. Амангелді Тұрсынов, Ғани Илияевтардан дәріс алған ұста өнер аркылы қазақтың ұлтық болмысын жеткізіп жүр. Қоленер бұйымдары аркылы көшпелі жұрттың тұрмысын насихаттауға атсалысып келеді. Оның қолынан шықққан еңбектер көрмеге қойылды.
АБДУЛЛА НАУРЫЗБАЕВ, ТЕМІР ҰСТАСЫ
Темір ұстасы болу киын емес. Адам өзінің жумысын сүйіп істесе еш киындыгы болмайды. Мен мына бұйымды жасап жатырмын. Бқл қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған деген мағына береді.
Абдулла Наурызбаев шектеулі уақыт ішінде ұлттык нақыштағы сәндік бұйымдар мен тұрмыстық құралдарды қалай жасауға болатынын жиылған көпшілікке көрсетті. Шоқ ішінде балқыған темірден өрілген оюлы бұйымдар — халкымыздың бай мұрасы мен енбек адамына деген кұрметтінің айғағы, - дейді қала тұрғындары.
БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұл мегаполистің әлеуетіне сай қолға алынып жатқан жоба екен. Осы темірден түйінді қалай түйетінін келіп, өз көзімен көріп отырған біздің қаланың халқы бақытты.
Сайыс барысында шеберлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырып отыр. Бұл байқау тек бәсеке емес, ұрпаққа өнеге, өнерге тағзым. Бір апта ішінде жасалатын оннан астам мүсіндік компазиция мұражайға қойылмақ.