Маракандық Абуфирасс Абдилгани Шымкентке мотоциклмен келді. Байкер Қазақстанды көру үшін 8 мың шақырым жол жүрген. Әлем кезген саяхатшы ұлы дала елінің қонақжайлылығына тәнті болып отыр. Өйткені жұрт жолай қонақ қылып күтіп, көлігін жөндеп, тіпті тәртіп сақшылары жол сілтеп жіберген.
Қара құрлықтан шыққан байкер қазақ жеріне жету үшін жарты әлемді шарлап өткен. Жер орта теңізінен бастап Еуропа жерімен жүрген. Қазақ даласына Ақтаудан кіріп киелі шаһар Түркістанға да тұрақтапты. Ұшы қиыры жоқ далада көлігім бұзылып қалам ба деген қорқыныш та болды. Алайда қонақжай халықтың көмегі бойдағы үрейді сейілтті, дейді байкер.
АБУФИРАСС АБДИЛГАНИ, САЯХАТШЫ
Мынау менің елім Марокконың жалауы.Ал,мынау қазақстанның туы. Маған екеуі де құрметті. Өйткені мен ұлы дала елін өз көзіммен көрген соң олардың қонақжайлылыға көз жеткіздім. Барлығы құшақ жая қарсы алып жатыр. Жолдағы құрмет ерекше.
Маракандық саяхатшы Ұлы жібек жолы бойымен жүріп көруді армандапты. Байкер тарихты осылай жаңғыртқысы келген. Қазақ жерінің әсем таиғаты мен шөлді алқабы, таза да әсем қалалары еріксіз көздің жауын алады. Әсіресе шыңын қар басқан тауларына қарап отыра бергің келеді. Енді бабалар жүрген жолда менің де ізім қалды,дейді әлем кезген саяхатшы.
АБУФИРАСС АБДИЛГАНИ, САЯХАТШЫ
Мен үшін тек саяхат қана емес осы сапарымда жолай қанша елді көріп, қаншама адаммен диалог құрдым. Ол елдердің тарихы мен әлеуетімен таныстым.Ал, қазақ даласында бәрімен жақын дос болып кеттім. Телефондарын да жазып беріп жатыр. Көмек керек болса званда,деп.Бұл нағыз достықтың шыңы.
Маракандық Абуфирасс Абдилганидің едігі бағыты Әсем қала Алматы. Біз де байкерге жолай қай жерлерге соғу керектігін Медеу мен Шыңбұлаққа міндетті түрде көтерілу керектігін айтып, жол сілтеп жібердік. Әлем кезген саяхатшы Қазақ жеріндегі ынтымақ пен берекені сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес дейді.Тіпті аз уақыт ішінде қазақша сөз де жаттап алыпты.