«Үздік 100 кітап» ұлттық жобасы әлі де жалғасып жатыр. Шымкенттік оқушылар жаңа тренд бастады. Олар жаппай қазақ әдебиетіндегі жауһарларды оқуға көшті. Мұны Төле би аудандық №2 Ш.Уәлиханов жалпы білім беретін мектебінің шәкірттері де атсалысып жатыр. Оқушылар «30 минут кітап оқу» сайысына қатысып, сый-сияпаттарға ие болады екен. Оқу жылы аяқталса да, жазғы лагерьлерге баратын балалар бұл үрдісті тастамаған. Тақырыпты әріптесім Шынар Әуелбай тарқатсын.
Кітап жанашыры Жандос Амангелдиев баланың оқуға құштарлығы ерте жастан басталуы керек,-дейді. Себебі, қазір телефонға шұқшиып, ғаламторға телміргендерді болашақта кітап оқығандар басқарады деп пайымдайды. Сол үшін де әр аптаның 1 күнінде өзі қызмет атқаратын білім ордасындағы бүлдіршіндерді 30 минут әртүрлі шығамалармен таныстырып, бірге талдайды. Кітап оқуға баланы ғана міндеттеп қоймай, сол жерде жұмыс істейтін жасы да, жасымысы да қоса атсалысады.
ЖАНДОС АМАНГЕЛДИЕВ, №2 Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Міндетті түрде сынып сағатында, техника қызметкері бола ма, қарауыл бола ма мұғалімдер барлығымыз отырып кітап оқимыз. Ол жерде міндетті түрде ақын-жазушылардың мерейтойлары бар, алаш қайраткерлері. Мысалы, Кенен Әзірбаевтан бастадық. Б.Майлин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов барлығын таныстырып оқып, апта соңында біз үздіктерді марапаттаймыз
Естеріңізде болса, сәуір айында отандық әдебиеттегі үздік 100 кітапты анықтау мақсатында өтетін жалпыхалықтық сауалнама жарияланған еді. Оған еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Сауалнама 3 ай жүргізіліп, тамыз айында Абай күні қарсаңында анықталады. Мұндай жобалар қазақ әдебиетінің әлеуетін күшейтуге септігін тигізеді,-дейді мамандар.
АМАНГЕЛДІ МАМЫТ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
Кітап оқытудың жолдары әртүрлі. ЖОО студенттеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін маманымын, филологияның. Мен студенттерді міндеттеп оқыта алмаймын. Оны қызықтырып оқыту керек. Бала соған дайын болуы керек. Оқушы мектеп қабырғасында кітап оқуды. Бүгінгі заманаға сай кітаптарды іріктеп таңдап алу керек. Бүгінгі қоғамға керек, балаға керек, сұранысын қанағаттандыратын.
Бүгінде Шымкент қаласындағы 76 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсететін балалар кітапханасының өзінде күніне 200-ге тарта кітап кеміргіш келеді екен. 420 мыңға жуық қордың 247 850-і отандық балалар басылымы болса, қалғаны шетелдің туындылары.